Категории раздела

Мои статьи [135]
Все мои статьи, автобиографические заметки, описание всех периодов жизни
История авиации Уральска [27]
В данной категории предполагается размещать все материалы по истории возникновения и развития авиации в Уральске
Статьи друзей [125]
В этой категории планируется размещение статей моих друзей и знакомых
Страницы Павла Ерошенко. Статьи, стихи, лирика, видео [8]
Материалы нашего земляка, военного лётчика Павла Ерошенко
Вячеслав Фалилеев. Размышления о бытии и сознании. [10]
Статьи нашего однокурсника, кандидата философских наук и автора многочисленных монографий по психологии и философии В.Фалилеева.
Иосиф Пинский. Жизнь в двух измерениях. [3]
Статьи нашего однокурсника И.Пинского о его жизни в СССР и США.
Анатолий Блинцов. Волны памяти [40]
Статьи нашего земляка из Бурлина А.Блинцова
Материалы братьев Калиниченко [25]
Политические обозрения, критика, проза, стихи
Полтавцы [47]
Материалы о моём друге детства Николае Полтавце и его семье
Новые "Повести Белкина" [31]
Категория статей пилота Уральского аэропорта В.Белкина
Аркадий Пиунов [7]
Материалы старейшего пилота нашего предприятия А.Пиунова
Аркадий Третьяк, о жизни [3]
В этой категории мой однокурсник А. Третьяк публикует свои воспоминания
Владимир Калюжный. Молодость моя - авиация [41]
Михаил Раков [3]
Воспоминания об авиации и, вообще, о жизни
Валерий Стешенко [4]
Полковник от авиации
Герои - авиаторы Казахстана [30]
Биографические очерки о выдающихся авиаторах Казахстана
Любовь Токарчук [7]
Ухабы жизни нашего поколения
Ирина Гибшер-Титова [3]
Материалы старейшего работника нашего авиапредприятия
Надя [9]
Материалы нашей мамки - Нади
Валентин Петренко [7]
Бывших лётчиков не бывает
Николай Чернопятов [3]
Активный "динозавр" авиации

НОВОЕ

ВХОД

Привет: Гость

Пожалуйста зарегистрируйтесь или авторизуйтесь! РЕГИСТРАЦИЯ очень простая, стандартная и даёт доступ ко всем материалам сайта.

Найти на сайте

Архив записей

Открыть архив

Друзья сайта

Статистика





Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0




Облако тегов

Назарбаев религия Колесников Валерий Ольга Лисютина украина классы казахский язык латиница китай Жанаузень марченко ленин коммунизм масон Дарвин donguluk уральск Колесников Валерий Николаевич аэропорт 航空 Уральский объединённый авиаотряд Уральский филиал Казаэронавигация Maxim Бурлин Уральский авиаотряд תעופה קזחסטאן Рижский институт ГА Казаэронавигация казахстан Бурлинская средняя школа maxim kz Рижский институт инженеров ГА рига Бурлинская школа авиация תעופ нью-йорк Казаэронав Павел Ярошенко Чаунское авиапредприятие Башмаков Олег Лётное училище РКИИГА Примаков Сергей Тищенко Виталий МЭИ ульяновск Виктор Натокин Пинский Иосиф Олег Башмаков Вячеслав Фалилеев Николай Полтавец Калюжный Геннадий Полтавец колесников политика идеология сша бобруйск Бронкс певек выборы Президент Анатолий Блинцов германия Сергей Примаков КОБ Блинцов Кассель Маренков Анатолий Уральский Аэропорт Аэропорт Уральск ташкент узбекистан Бад Вильдунген Л-410 Александр Семёнович Пелипец израиль философия Алексей Сербский актюбинск Калиниченко Марксизм Михаил Калиниченко салоники Алма-Ата Ерошенко Павел Валерий Белкин Красный Кут маркс афанасьев Коробков Кашинцев Бог урал белоруссия авиационно-химические работы эволюция человека путин Природа Фурманово оренбург Новая земля Николай Путилин ОрПИ ВОв 137 ЛО война шевченко Александр Коновалов штурмовик Пелипец ил-2 Амангалиев Валерий Колесников москва экология церковь армия североморск Владимир Калюжный АН-2 ваз Уральское авиапредприятие безопасность полётов 137 лётный отряд Гурьев Рыбалка Индер ранний Леонид Овечкин ПАНХ Новый Узень Конников кустанай Джаныбек кульсары Олег Амангалиев Пётр Литвяков АХР Игорь Ставенчук Макарыч Николай Сухомлинов дефолиация Западно-Казахстанская область Джизак Михаил Захаров Молотков Дмитрий Сацкий АГАПОВ Пиунов Павел Шуков Карачаганак Коробков М.Е. Новенький Иртек Павел Юдковский Аркадий Пиунов Бейнеу Капустин Яр Джангала Анатолий Чуриков Иван Бадингер Новая Казанка аксай Як-18 Надежда Тузова кравченко Валентин Петренко Николай Строганов Канай тольятти Гидропресс Подстёпный апа АТБ Амангалиев О.И. Як-12 Пугачёвский КДП капитан КГБ УТР дача тарабрин Гидлевская Сталин литва Гитлер Райгородок Анатолий Шевченко охота аэрофлот Сайгак гсм Лоенко Ленинград Кёльн Павел Калиниченко Мангышлак самолёт христианство бесбармак Полтавец Николай Овчинников белкин Николай Корсунов африка Беркут Ноутбук Омега брест Брыжин латвия анадырь Аппапельгино камчатка Прейли Унжаков Валерий Унжакова Оксана Чаунский ОАО Якутск чубайс ельцин Гайдар зко архангельск малиновский Нестулеев коваленко пятигорск Анатолий Нестулеев Виктор Рябченко авиационно-техническая база пожар Алексей Былинин Алтунин митрофанов Александр Тихонов Владимир Скиданов гриценко самара Польша евдокимов Академия Жуковского Наурзалиев родин Н. Полтавец са ядерный полигон Отдел перевозок герой Кузнецов Стешенко В.Н. Афганистан Бжезинский Олбрайт свердловск павлодар академия им. Жуковского Знамя победы рейхстаг киев варшава Кантария Ковалёв Александр Леонтьевич Орден Славы АиРЭО караганда металлист Перепёлкин ислам База ЭРТОС вера Владимир Капустин берлин Бурдин Лиховидов Греция Хрущёв сочи вселенная экибастуз крым байконур Балаклава владивосток орал бузулук жуков Заяц Высоцкий максим котов волга Яков Сегал мясников крупа милиция Дальний Восток
Пятница, 19.04.2024, 15.53.55
Приветствую Вас Гость
Главная | Регистрация | Вход
Колесников - Donguluk, или жизнь простого человека

Каталог статей


Главная » Статьи » Статьи друзей

Орыс тілінен де ең соңғы болып бас тартамыз ба?!

Бәріміз білетіндей Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілі бар. Олар - ағылшын, француз, испан, араб, орыс және қытай тілдері. XXI ғасырдың табалдырығын аттағалы осылардың ішінде тек орыс тілінің ғана кежегесі кейін тартып тұр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, жеңген елдер қатарында болған КСРО кезінде орыс тілі шынымен әлемдік тілдер тізіміне лайық болатын. Алайда Кеңес одағының орнын басқан Ресей іргелі елдің істерін сәтті жалғастыра алған жоқ.

Өткен ғасырда орыс тілін қолданушылардың саны аз емес еді. Он бес одақтас елдің ресми тілі болды. Ал бүгінгі таңда орыс тіліне бұндай мәртебені Ресейден бөлек Қазақстан, Баларусь және қырғызстан елдері ғана беріп отыр. Кеңес одағының қолқа-тамыры іспетті Украинаның орыс тіліне қандай мәмле танытып отырғанын айтудың өзі артық. Жақында ғана Президенті "орысша сөйлегісі келетіндер Ресейге барыңдар" деп ашық айтты.

Енді салыстыру үшін БҰҰ-ның ресми тілі санатындағы өзге тілдердің жай-күйін айта кетейік. Ағылшын тілінің әлемдегі бірінші тіл екені екібастан түсінікті. Бұдан бөлек, француз тілінің Африка құрлығындағы бұрынғы отар елдеріне үстемдігі әлі кеми қойған жоқ. Халықаралық деңгейде аса маңызды тіл. Сол секілді испан тілінің Оңтүстік Америка елдеріндегі үстемдігі де әлі салтанат құрып тұр. Аса үлкен мұсылман әлеміне арқа сүйеген араб тілі мен сауда соғысында сапалы-сапасыз тауарларымен әлемді жаулап келе жатқан қытай тілінің де тынысы тарыла қоймайды. Демек, біздің елде мәртебесі мемлекеттік тілден де жоғары тұратын орыс тілі жақын болашақта БҰҰ-ның ресми тілдер тізімінен шығып қалуы да ғажап емес.

Біздің бұл сөздерді жазуымызға себеп болған жағдай, кеше Қырғызстанның белсенділері орыс тілінің ресми тіл статусын алып тастау жайлы референдум өткізуді талап етті. Баста айтқанымыздай орыс тіліне шексіз мәртебе беріп отырған төрт елдің тағы бірі бұл майданнан бас тарпақ. Ат төбеліндей айыр қалпақты ағайындарымыз отарлықтан арылу жолында тағы бір қадам жасағалы отыр. Тіпті ел халқының 40%-ын орыстар құрайтын Латвия елі де биылдан бастап мектептерде орыс тілінде сабақ болмайтынын мәлімдеді. "Недеген батыл шешімдер" деп тамсанып ғана отырамыз. Мемлекет құраушы ұлт ел халқының кем дегенде 70%-ын құраса да Мәскеуге мөлтеңдеп біз отырмыз әлі. Мүмкін құлаған КСРО-ның жұртында орыс тілінің жоқтаушысы болып Қазақстан мен Беларусь ғана қалар. Ресейге адалдығынан айнымай.

Кез-келген тілдің құлдырауына саяси және экономикалық жағдай әсер етеді. Бүкіл батыс жұртының ортақ жауына айналып, сансыз санкцияның астында қалған Ресей саяси тұрғыда да, экономикалық тұрғыда да оңбай таяқ жеп отыр. Басқаша айтқанда орыс тілінің басты көр қазушысы Ресейдің өзі екені сөзсіз. Астана мен Минсктің адалдығынан мін табылмаса да, Мәскеудің "мықтылығынан" сын табылып отыр. Өзіне шын берілген қос "інісін" қайда апарып соғары дәл қазір белгісіз. Бір анығы алдағы уақытта Ресейге ергеннен жақсылық аз деп есептеуге болады.

Ресейдің демографиялық жағдай да орыс тілінің қолданылу аясы кеми түсетінін дәлелдеп берді. Мамандардың есептеуінше Ресейдің халық саны осы ғасырдың соңында 60-65 миллионға дейін кемиді екен. Сол кезде тіпті Йе́мен елінің халық саны Ресейден асып кетуі мүмкін. Бұған себеп, әлемде туу көрсеткіші өлу көрсеткішінен 2.6 есе көп. Ал Ресейде керісінше үш адам дүниеге келгенде бес адам өмірден озады екен.

Сонымен көршісін құдайындай сыйлаған қазақ Мәскеуді махаббатпен қолдап отыр. Кезінде орыс тілін мемлекеттік тіл санаған он бес елдің он бірі өз жолын тапқанын айттық. Енді қырғыздар да тіл тәуелсіздігін алуға шындап кіріспек. Мүмкін енді аз уақытта орыс тілінің жақтаушысы болып ошақтың үш бұтындай Ресей, Беларусь, Қазақстан үштігі ғана қалар. Ресей мен Беларусь бұрыннан бауырлас ел. Ал қазаққа не жоқ?! Кезінде КСРО тарағанда одақтас елдердің ішінде ең соңғысы болып тәуелсіздік жариялаған едік. Енді орыс тілінен де ең соңғы болып бас тартамыз ба?! Әлде мүлде бас тартпаймыз ба?...

Қуаныш Қаппас, январь 2019

Категория: Статьи друзей | Добавил: donguluk (05.02.2019) | Автор: Куаныш Каппакс E
Просмотров: 285 | Теги: Куаныш Каппакс | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Copyright MyCorp © 2024 |